Культура

ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок девятнадцатый
Мейрамхана. Ресторан

Мейрамхана. Қонақ келіп түсетін көпшілік үй.
Сөздік
Ас мәзірі — меню
Ұлттық тағамдар — национальные блюда
Түрлері — виды
Дәмді әзірлейді — вкусно готовят
Алдын ала тапсырыс беру — предварительный заказ
Ыстық тағамдар — горячие блюда
Даяшы, тапсырыс алыңызшы — официант, примите заказ
Не ұсына аласыздар? — что можете предложить?
Ас дәмді болсын! — приятного аппетита!
Дастарқан — скатерть, дастархан
Дәм ауыз тию – отведать, попробовать
Жеңсік ас — деликатес
Қазақша ет — мясо по-казахски
Тапсырыс – заказ
1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).

111111-06

Сұхбаттасу
— Алло, сәлеметсіз бе? Бұл «Нұрдәулет» мейрамханасы ма? (Алло, здравствуйте! Это ресторан «Нурдаулет»?)
— Иә, «Нұрдәулет» мейрамханасы. Айта беріңіз, тыңдап тұрмын. (Да, это ресторан «Нурдаулет». Говорите, слушаю Вас.)
— Мен бесінші маусымға алдын ала тапсырыс беріп қояйын деп едім. (Я хотел заказать предварительный стол на пятое июня.)
— Жақсы, неше кісілік орынға және сағат нешеге? (Хорошо, на сколько мест и на какое время?)
— 15 (он бес) шақты кісі болады. Сағат кешкі жетіге жазыңыз. Бағаларыңыз қандай, білуге бола ма? (Прибизительно 15 (пятнадцать) человек. Запишите на семь часов вечера. Какие у Вас цены, можно узнать?)
— Бір адамға 6000 (алты мың) теңгеден болады. Барлығы 90000 (тоқсан мың) теңге. Жартысын алдын ала төлейсіз де, қалғанын кеш аяқталған соң төлейсіз. (На одного человека 6000 (шесть тысяч) тенге. Общая сумма 90000 (девяносто тысяч) тенге. Половину оплатите первоначально, остальную сумму оплатите после меропрития.)
— Жарайды. Ас мәзірі қандай екен? (Ладно. А какое у вас меню?)
— Ол жағынан қам жемеңіз, бізде ұлттық тағам мен салат түрлерін өте дәмді әзірлейді. Сусындардың түрлері көп, яғни қалағаныңыздың бәрі табылады деуге болады. (За это не беспокойтесь, у нас вкусно готовят национальные блюда, разные виды салатов. У нас есть все виды напитков, то есть что Вы пожелаете, то все у нас найдете.)
— Өте жақсы. Онда ертең сағат тоғызда барамын. Сіздің аты-жөніңіз кім? (Очень хорошо, тогда приду завтра в девять часов. Как Вас зовут?)
— Әлия Асқарқызы. Күтем, келіңіз. (Алия Аскаровна. Приходите, жду.)
— Танысқаныма қуаныштымын, менің атым Замир Болатұлы. Кездескенше сау болыңыз. (Рад знакомству, меня зовут Замир Болатович. До встречи!)
— Сау болыңыз! (До свидания!)

Грамматика
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР (падежные окончания)

Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді. Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
В казахском языке склоняются, т.е. изменяются по падежам существительные, местоимения, числительные. В казахском языке 7 падежных форм, которым соответствуют следующие вопросы:

111111-05

Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу
• Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі
• Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі

111111-04

Жазылым
1–тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.

111111-03

2-тапсырма Оқыңыз. Мазмұнын түсініңіз.
Бүгін әріптесімнің туған күні. Ол бізді «Атырау» мейрамханасына шақырды. Мейрамханада ұлттық тағамдарды өте дәмді әзірлейді. Біз қазақша ет, қазы, қарта, қуырдаққа тапсырыс бердік. Сусындардан шұбат, қымыз алдырдық. Туған күн өте көңілді өтті.
3-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз (ответьте на вопросы)
— Сізге қандай мейрамхана ұнайды?

— Қандай тағамдарға тапсырыс бересіз?

— Сусындардың қандай түрін ішесіз?

— Салаттың қандай түрін таңдайсыз?

Есіңізде сақтаңыз! (Запомните!)
Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.
А.Байтұрсынұлы

Administrator

Администратор сайта

Статьи по теме

Один комментарий

Проверьте также
Close
Back to top button