ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок двадцать первый
Жыл мезгілдері (Времена года)
Сөздік

Жыл — год
Мезгіл — время (сезон)
Тоқсан — четверть
Тәулік — сутки
Апта — неделя
Қыс — зима
Көктем — весна
Жаз — лето
Күз — осень
Жаңбыр — дождь
Құрғақ — сухой
Ыстық — жаркий
Суық — холодный
Демалыс кезі — время
отпусков
Қысқа — короткий
Ұзақ — длинный
Қар — снег
Қысқы — зимний
Көктемгі — весенний
Жазғы — летний
Күзгі — осенний
Аяз — мороз
Кез — пора

1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).
Ай аттары:

111116-02

Сұхбаттасайық!
— Қазір жылдың қай мезгілі? — Сейчас какой сезон?
— Жаз — Лето.
— Жаз айларын ата. — Назови летние месяцы.
— Маусым, шілде, тамыз. — Июнь, июль, август.
— Бүгін ауа райы қандай? — Сегодня какая погода?
— Күн ыстық, шөп көктеді. — Жаркий день, трава зеленая.
— Тағы басқа қандай өзгеріс бар? — Еще какие изменения?
— Жайық өзенінде су көтерілді. — В реке Жайык поднялась вода.
— Бүгін ауа райы қандай? — Сегодня какая погода?
— Жаңбыр жауып тұр, бірақ күн жылы. — Идет дождь, но тепло.

Грамматикалық минимум!
Сан есім

Сан есім заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді. Неше? Қанша? Нешінші? Қаншасыншы? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
(Имя числительное обозначает количество, порядок предметов, отвечает на вопросы сколько? который?)
Сан есімнің түрлері:
1.Есептік сан есім (количественные числительные)
А) дара (простые) – бір, екі, үш, төрт, бес, жиырма, алпыс, жүз
Ә) күрделі (сложные) он үш, отыз төрт, елу жеті, жүз бес
2. Реттік сан есім (порядковые числительные )
Нешінші? Қай? деген сұраққа жауап береді және -нші, -ншы, -ыншы, -інші жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы: бір+інші, алты+ншы
Жиырма+сыншы, елу+інші
Жүз бес+інші, екі жүз үш+інші
3. Жинақтық сан есімдер (собирательные) –ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалады. Нешеу? деген сұраққа жауап береді.
Біреу (один, одно), екеу (двое) , үшеу (трое), төртеу (четверо), бесеу (пятеро), алтау (шестеро), жетеу (семеро).
Собирательное числительное біреу выступает также в качестве неопределенного местоимения «кто-то».
Мысалы: Сізді біреу күтіп тұр. (Вас кто-то ждет).
Мен бұл альбомды біреуден көрдім.(Я такой альбом у кого-то видел).

Жазылым
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Аударыңыз (Прочитайте текст. Переведите)
Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір жылда 12 ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр — көктем айлары. Маусым, шілде, тамыз — жаз айлары. Қыркүйек, қазан, қараша — күз айлары. Желтоқсан, қаңтар, ақпан — қыс айлары. Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар.Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері — сенбі, жексенбі, қалған күндері — жұмыс күндері. Бір тәулікте 24 сағат бар.
2-тапсырма. Сан есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құрастырыңыз.
(Используя имя числительное, составьте небольшой текст )
Үлгі. (образец) Кабинетте үш адамбыз. Олардың біреуінің аты — Айман, екіншісі — Азамат, үшіншісі менмін. Жастары — жиырма — отыздарда. Мен қырықтамын.
3-тапсырма. Мына сан есімдерді сөзбен жазыңыз. (Напишите прописью числительные)

111116-01

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. (Напишите имя числительное прописью)
… күн жылынады. Жерге … шығады. … ұшып келеді. Ағаштың
… жасыл. Мен … ұнатамын.
Керекті сөздер: шөп, көктем, жапырақтары, көктемде, құстар, жазды.
Есіңе сақтаңыз! (Запомните!)

Тәрбие басы – тіл.
М. Қашқари

Поделиться с друзьями

Администратор сайта

Оцените автора
( Пока оценок нет )
Прикаспийская коммуна