Общество

ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок двадцать второй
Менің күн тәртібім. Уақыт. (Мой режим дня. Время)
Сөздік
Күн тәртібі — режим дня
Уақыт, мерзім, мезгіл – время
Кетті — ушло, прошло
Қалды — осталось (или: без)
Неше? — сколько?
Қашан? — когда?
Дәл, тура — ровно
Жарым — половина
Таңертеңгі — утренний
Кешкі — вечерний
Түнгі — ночной
Сағат қанша болды? — который час?

1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).

111118-02

Сұхбаттасайық!
— Сағат нешеде тұрасыз? (Во сколько встаете?)
— Мен сағат жетіде тұрамын. (Я встаю в семь часов)
— Сіздің жұмысыңыз нешеде басталады? (Когда начинается ваша работа?)
— Менің жұмысым сағат сегіз жарымда басталады. (Моя работа начинается в половине девятого)
— Түскі үзіліс нешеге дейін? (До скольки обеденный перерыв?)
— Түскі үзіліс сағат он екі жарымнан екіге дейін. (Обеденный перерыв с половины первого до двух часов)
— Жұмыс уақыты нешеде аяқталады? (Когда заканчивается ваша работа?)
— Жұмыс уақыты сағат жеті жарымда аяқталады.(Работа заканчивается в полвосьмого)

Грамматикалық минимум
Бөлшектік сан есімдер (дробные числительные)

Бөлшектік сан есімдер (дробные числительные) образуются путем сочетания двух количественных числительных, причем знаменатель употребляется в исходном падеже, а числитель в именительном падеже.
Например, үштен бір (одна третья), төрттен бір (одна четвертая), бестің екісі (две пятых). При смешанной дроби сначала называется целое со словом бүтін (целый), потом дробное. Например, жеті бүтін оннан үш (7,3)
Дробные числительные в казахском языке образуются так же с помощью слова жарым (с половиной), которое сочетается с названием целого числа: екі жарым – два с половиной или полтретьего, жеті жарым — семь с половиной и т.д. Слово жарты (половина) употребляется перед существительным, обозначающим название предмета: жарты нан — половина хлеба, жарты сағат — полчаса, жарты ай — полмесяца

Жазылым
1 тапсырма. Оқыңыз. Қайталаңыз.
Таңертеңгі сағат жеті (07.00)
Түскі сағат бір (13.00)
Кешкі сағат алты (18.00)
Түнгі сағат он бір (23.00)
Сағат алты жарым (18.30)
2 тапсырма. Жазбаша жазыңыз. Сағат қанша болды?________(Напишите прописью. Который час?__________________ )
Сағат 08.45, 10.00, 11.30, 12.15, 13.00, 17.35, 18.30, 22.20, 19.25, 14.50
Үлгі
06.00 – сағат алты болды, 15.15 – сағат үштен он бес кетті, 20.30 – сағат сегіз жарым
3 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы)
— Сіз ұйқыдан нешеде тұрасыз?

— Жұмысыңыз нешеде басталады?

— Түскі үзіліс нешеден нешеге дейін?

— Жұмыстан нешеде қайтасыз?

— Бос уақытыңыз бола ма?

— Сағат нешеде ұйықтайсыз?

Есіңе сақтаңыз! (Запомните)
Ана тілі жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қазына.

Ж.Аймауытов

Урок двадцать третий
Бос уақыт. Ауа райы. Свободное время. Погода
Сөздік
Табиғат құбылыстары — природные явления
Ашық аспан — ясное небо
Таза ауа — чистый воздух
Аппақ қар — белый снег
Өзенге шомылу — купаться в речке
Құмда күнге қыздырыну — загорать на песке
Қайықпен жүзу — кататься на лодке
Спортпен шұғылдану — заниматься спортом
Саябақта серуендеу — прогуляться в парке
Шипажайға — в санаторий
Жағажайда — на пляже
Орманға бару — ходить в лес
Үскірік аяз — трескучий мороз
Самал жел — приятный ветерок
Ыстық — жаркий
Жаяу жүру- ходить пешком
Желкенді қайық – парусная лодка
Жасанды су қоймасы — бассейн
1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).

111118-01

Сұхбаттасу
— Сәлем, Сара! Қалың қалай? (Привет, Сара! Как дела?)
— Рахмет, халім жақсы. Өз халің қалай, Мырзабек? (Спасибо, хорошо. Как у самого дела, Мырзабек?)
— Рахмет, өте жақсы. Себебі мен кезекті еңбек демалысына шықтым. (Спасибо, очень хорошо, ведь я вышел в очередной трудовой отпуск.)
— Демалысыңды қайда өткізбекшісің? Саяхат жасайсың ба? (Как ты проведешь свой трудовой отпуск? Будешь путешествовать?)
— Әрине, мен Ақтауға барып келсем бе деген ойдамын. Ол жақтың ауа райы ыстық болса жарар еді. (Конечно, думаю поехать в Актау. Будет хорошо, если погода будет жаркая.)
— Қазір ол жақта ыстық емес пе, теңізге шомылып, демалғанға не жетсін! Ақтауға қашан жүрмек ойың бар? (Сейчас, наверное, там жарко, будешь купаться в море и отдыхать. А когда собираешься уезжать в Актау?)
— Екі-үш күннен кейін жолға шығамын. Менімен бірге Ақтауға жүрсейші. (Через два-три дня выезжаю. Поедем вместе в Актау.)
— Рахмет, мен жұмыстан шыға алмаймын. Жолың болсын! (Спасибо, у меня же работа. Счастливого пути!)

Грамматика
Болымсыз күрделі нақ осы шақ

(отрицательная форма собственно-настоящего времени)
1. Образуется в сочетании со словом жоқ /нет,не/
При этом вспомогательные глаголы употребляются в форме причастий -ған/-ген, -қан/-кен, а слово жоқ принимает личные окончания:
Мен жазып отыр-ған жоқ-пын (я не пишу)
Біз жазып отыр-ған жоқ-пыз (мы не пишем)
Сен жазып отыр-ған жоқ-сың (ты не пишешь)
Сендер жазып отыр-ған жоқ-сыңдар (вы не пишете)
Сіз жазып отыр-ған жоқ-сыз (вы не пишете)
Сіздер жазып отыр-ған жоқ-сыздар (вы не пишете)
Ол жазып отыр-ған жоқ (он не пишет)
2. Образуется с помощью отрицательных аффиксов -ба/-бе, -па/-пе, -ма/-ме, которые присоединяются к основе глагола в соответствии с законами сингармонизма и прогрессивной ассимиляции:
Мен жазбай отырмын (я не пишу)
Біз жазбай отырмыз (мы не пишем)
Сен жазбай отырсың (ты не пишешь)
Сендер жазбай отырсыңдар (вы не пишете)
Сіз жазбай отырсыз (вы не пишете)
Сіздер жазбай отырсыздар (вы не пишете)
Ол жазбай отыр (он не пишет)
Ол жазбай отыр (он не пишет)

Жазылым
1 тапсырма Сөздерді жіктеңіз (Проспрягайте слова)
Барған жоқ, келген емес, көрген жоқ
2 тапсырма Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз
Біз Асыланды көрген жоқпыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты спортшылар жарысқа шыққан жоқ. Мен жұмысқа келмеймін. Сендер айтқан емессіңдер. Өкіл келмей қалды.
3 тапсырма Берілген сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз (Переведите предложения на казахский язык)
Атырау – областной центр, нефтяная столица нашей республики. Совершенно изменился архитектурный облик города. Обновление города происходит на наших глазах. Представители различных этносов живут в мире и согласии, бок о бок трудятся во благо, на процветание родного края.

Есіңе сақтаңыз! (Запомните!)
Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді.

Ж. Баласағұн

Administrator

Администратор сайта

Статьи по теме

Проверьте также
Close
Back to top button