Общество

ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок семнадцатый
Анықтама қызметі — Справочное бюро
Сөздік
ұшақ — самолет
Астанаға дейін қандай рейстер бар? — Какие есть рейсы до Астаны?
кері қайтатын рейс — обратный рейс
Бронь жасауға бола ма? — Можно забронировать?
міндетті түрде — обязательно
жарты сағаттан кейін — через полчаса
Нешінші жолға тоқтайды? — На каком пути остановится?
билеттің бағасы — цена билета
Қанша тұрады? — Сколько стоит?
келесі апта — следующая неделя
жақын арада — ближайшее время
1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).
111107-01
— Сәлеметсіз бе! (Здравствуйте!)
— Ертең Астанаға қандай рейстер бар? (Какие рейсы есть на завтра в Астану?)
— Сағат 11.00-де, сосын сағат 16.30-да бар. (Есть в 11.00 часов и в 16.30.)
— Бронь жасауға бола ма? (Можно забронировать?)
— Болады. (Можно.)
— Ол үшін 20-92-92 нөміріне хабарласасыз. (Для этого позвоните на номер 20-92-92.)
— Рахмет. (Спасибо.)
— Алло, қайырлы таң! Анықтама бюросы ма? (Алло, доброе утро! Это справочное бюро?)
— Сәлеметсіз бе! Иә, аныктама бюросы. Тыңдап тұрмын. (Здравствуйте! Да, это справочное бюро. Я вас слушаю.)
— Ертең 10.20-дағы Ақтөбе-Алматы рейсіне екі орынға, екі күннен кейін Алматы-Ақтөбе рейсіне сағат 18.30-ға бір орынға бронь қойыңызшы. (Забронируйте мне два места на завтра на рейс в 10.20 часов Актобе-Алматы, а через два дня одно место на рейс Алматы-Актобе в 18.30 часов.)
— Кімнің атына? (На чье имя?)
— Әсел Мамырованың атына. (На имя Асель Мамыровой.)
— Жақсы. Екі сағаттың ішінде келіп, билетін алып кетсін. (Хорошо. Билеты необходимо забрать в течение двух часов.)
— Бағасы қанша? (Сколько стоит?)
— 25600 теңге.
— Рахмет.
Грамматика
Көсемше (Деепричастие)
Деепричастие — одна из основных форм глагола, совмещающая в себе признаки глагола и наречия. Деепричастие — это неизменяемая форма глагола.
Жалғаулары: -п/-іп/-ып; -а/-е/-й; -ғалы/-гелі, -қалы/-келі.
Мысалы: бар-ып-пын (я ходил), кел-іп-ті (он пришел/приехал), бар-а жатыр (идет), ойлай жүр (думай), ол бар-ғалы жатыр (он намерен поехать), ол айт-қалы отыр (он хочет сказать). Мен саған бар-ғалы отырмын. (Я к тебе собираюсь пойти.)

Жазылым

1-тапсырма Мәтіннен көсемшені табыңыз.
Жұмыс істемей, тоқ болмайсың. Мен жаза бастадым. Ол үйрене жатыр. Қар жауып тұр. Асқар Атырауға оқығалы келді. Есен Қызылордаға кеткелі екі-үш жыл өтті. Зоопаркке аңдарды көргелі келдім. Алдыңғы күні жиналыс өтіпті.
2-тапсырма Диалогты оқыңыз. Өзара диалогты жалғастырыңыз.
— Сәлеметсіз бе, анықтама қызметі тыңдап тұр.
— Сәлеметсіз бе, маған темір жол вокзалының нөмірін айтпайсыз ба?
— Сізге билет кассасының нөмірі керек пе?
— Йә, сонымен бірге анықтама қызметінің нөмірінде беріңізші.
— Анықтама қызметінің нөмірі 95-55-49.
— Рахмет, сау болыңыз.
— Сау болыңыз.

— Сәлеметсіз бе, анықтама қызметі тыңдап тұр.
— Сәлеметсіз бе,

…………………………………………..





Есіңізде сақтаңыз! (Запомните!)

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңыр жақ азамат болады. Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды»

М.Әуезов

Administrator

Администратор сайта

Статьи по теме

Back to top button