Общество

ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок шестнадцатый
Көлік (автобус, такси) — Транспорт (автобус, такси)
Сөздік
аялдама — остановка
бұл аялдамаға — на эту остановку
келесі аялдама — следующая остановка
сауда орталығына — в торговый центр
барайын деп едім — хотел поехать
Қай аялдамадан отырсам екен? — Мне на какой остановке сесть?
«Насиха» аялдамасынан түсесіз — Сойдете на остановке «Насиха»
келесі бетіне өтесіз — перейдете на другую сторону
автобустарға отырасыз — сядете на автобусы
аялдаманың қасында — возле остановки
Қайда барасыз? — Куда едете?
жаяу жүргіншілер белгісі — пешеходный знак
бағдаршам — светофор
қызыл — красный
сары — желтый
жасыл — зеленый
бағыт — направление
жол ақысы — плата за проезд
1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).
111105
— Кешіріңіз, осы аялдамадан №21 автобус жүре ме? (Извините, с этой остановки едет автобус №21?)
— Жоқ, бұл аялдамаға №21 автобус тоқтамайды. Келесі аялдамада тоқтайды. (Нет, на этой остановке автобус №21 не останавливается. Он останавливается на следующей остановке.)
— Келесі аялдама қандай? (Какая следующая остановка?)
— Келесі «Филармония» аялдамасы. (Следующая остановка «Филармония».)
— Мен «Премьер-Атырау» бизнес орталығына барайын деп едім. Қай аялдамадан отырсам екен? (Я хотел доехать до бизнес-центра «Премьер-Атырау». На какой остановке мне сесть?)
— «Филармония» аялдамасынан №21 автобусқа отырасыз. Одан кейін Азаттық даңғылындағы «Шипажай» аялдамасынан түсесіз. (Сядете на автобус №21 на остановке «Филармония». Выходите на остановке «Санаторий» на проспекте Азаттык.)
— Ал, кейін қарай қайтқанда қандай аялдамадан отырамын? (Чтобы вернуться обратно, с какой остановки мне сесть?)
— Азаттық даңғылының келесі бетіне өтесіз. «Шипажай» аялдамасынан №№21, 12, 30 автобустарға отырасыз. (Перейдете на другую сторону проспекта Азаттык, сядете на автобусы №№21, 12, 30.)
— Сізге рахмет! Сау болыңыз! (Спасибо Вам! До свидания!)
Грамматика
Ырықсыз етіс
(Страдательный залог)

Ырықсыз етіс передает действие, направленное на объект, то есть объект испытывает действие со стороны.
Образуется с помощью суффиксов –ыл, -іл,-л / -ын, -ін, -н + суффикс + окончания.
Үй бер+іл+ді — Квартира дана (кем-то)
Шешім қаб+ыл+данды — Решение принято.

Жазылым
1-тапсырма. Сөйлемнен ырықсыз етіс табыңыз және аударыңыз. (Найдите в предложениях страдательный залог и переведите предложения.)
Президентпен тікелей телекөпір өткізілді. Елбасыға көптеген сұрақтар қойылды. Оған түсінікті жауаптар берілді. Әлеуметтік көп мәселе шешілді. Қорытынды жасалды. (Переведите самостоятельно с помощью словаря.)
2-тапсырма. Диалогты жалғастырыңыз. (Продолжите диалог.)
— Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, орталық базарға немен жетемін?
— №№2, 14, 6 автобустармен жетесіз.

— Сіз қай жерге барасыз, ағай?
— Мен вокзалға барамын, балам.

Есіңізде сақтаңыз! (Запомните!)

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – Ұлы».
Ш.Айтматов

Administrator

Администратор сайта

Статьи по теме

Back to top button