Общество

ИЗУЧАЙ КАЗАХСКИЙ С «ПРИКАСПИЙКОЙ»

Урок тринадцатый
Отбасы (жанұя) – Семья
Сөздік
ата — дедушка әке — отец
әже — бабушка ана — мать
ата-ана, әке-шеше — родители
қыз — дочь (девочка)
ұл — сын (мальчик) немере — внук (внучка)
бала — ребенок әпке — старшая сестра
аға — старший брат
сіңлі — младшая сестра
іні — младший брат дос — друг
барлығы жақсы — все хорошо
қарындас — младшая сестра (по отношению к мужчине)
сіңлі — сестренка (по отношению к женщине)
тұрмыстамын — замужем
тұрмыста емеспін — не замужем
үйленгенмін — женат бойдақ — холост
ерлі-зайыптар — муж и жена
қарт — пожилой жас — молодой
бірге — вместе бөлек — отдельно
— Қай жақтан келдіңіз? — Вы откуда приехали?
— Отбасыңыз бар ма? — У Вас есть семья?
— Ұлым мен қызым бар. — У меня есть сын и дочь.
— Менің әйелім бар. — У меня есть жена.
— Менің әйелім. — Моя жена.
Сұхбаттасу
— Сәлеметсіз бе, Сізбен танысуға бола ма? Менің атым Асқар.(Здравствуйте, можно с Вами познакомиться? Меня зовут Аскар.)
— Сәлеметпін, менің атым Сәуле. (Здравствуйте, меня зовут Сауле.)
— Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. (Я очень рад познакомиться с Вами.)
— Мен де. (Я тоже.)
— Халіңіз қалай, денсаулығыңыз жақсы ма? (Как Ваши дела, здоровье?)
— Рахмет, барлығы жақсы. Қай жақтан келдіңіз? (Спасибо, все хорошо. Вы откуда приехали?)
— Мен Ақтаудан келдім. Ал, Сіз ше? (Я приехал из Актау. А Вы?)
— Мен Атырауда тұрамын. Ғафу етіңіз, отбасыңыз бар ма? (Я живу в Атырау. Извините, у Вас есть семья?)
— Әрине, бар. Менің әйелім және ұлым бар. Жұбайыңыздың аты кім? (Да, конечно. У меня есть жена и сын. Как зовут Вашего мужа?)
— Оның аты Мұхтар. Ұлымның аты Айбек. Қызым — Әсел. (Его зовут Мухтар. Сына зовут Айбек. Дочь — Асель.)
— Менің әйелімнің аты Айгүл. Ұлымның аты Арыстан. (Имя моей жены Айгул. Сына зовут Арыстан)
— Әке-шешеңіз, аға-інілеріңіз немесе әпке-сіңлілеріңіз бар ма? (У Вас есть родители, братья или сестры?)
— Менің әке-шешем және ағам мен сіңлім бар. Ал Сіздің ше? (У меня есть родители и брат с младшей сестрой. А у Вас?)
— Менің әке-шешем ертеректе қайтыс болған. Інім мен қарындасым бар. (Мои родители давно умерли. У меня есть младшие брат и сестра.)
— Ал, жақсы. Сау бол. Менің кетуім керек. Көріскенше күн жақсы болсын, Сәуле! (Хорошо. До свидания. Мне нужно идти. Всего хорошего, Сауле!)
— Сау болыңыз. Кездескенше, Асқар! (До свидания. До встречи, Аскар!)
Оқушыға айту Зауытқа шақыру
Суға құю Дәрігерге емделу
Мұғалімге жолығу Кездесуге бару

Жазылым
1 – тапсырма Мәтінді оқып, төл дыбыстарды анық айтыңыз.Сол сияқты өз отбасыңыз туралы шағын мәтін құрастырыңыз. (Прочтите текст, правильно произносите специфические звуки казахского языка.
Попробуйте написать краткий рассказ на тему «Менің отбасым».)
Үлгі (образец):
Менің отбасым
Менің аты-жөнім Әлиев Алмас Қажиұлы. Менің отбасым бар. Отбасым үлкен.Атам, әжем, әкем, шешем, әйелім, екі қызым мен ұлым бар. Менің атам мен әжем — зейнеткер. Қызым — оқушы, ұлым бала-бақшада. Әкем мен шешем орта жастағы адамдар. Әйелім – ауруханада медбике. Мен облыстық әкімиятта жасаймын. Біз өте тату тұрамыз.
2-тапсырма Төмендегі сөздерге барыс септігінің (-ға/-ге, -қа/-ке, -а/-е, -на/-не) жалғауын жалғаңыз. (Попробуйте присоединить дательно-направительное падежное окончание, переведите слова)
Үлгі: Қағаз+ға, балам+а
Үй, дүкен, шаштараз, жұмыс, нан, анам, әкем, бала, кітап, қалам, дәптері, телефон, машина, су.

Administrator

Администратор сайта

Статьи по теме

Проверьте также
Close
Back to top button