Урок двадцать восьмой

Қонақүй. Гостиница

Сөздік
Бос орындар — свободные места
Бөлменің кілті — ключ от комнаты
Жайлы — удобный
Тәулік — сутки
Мәлімет — сведения, информация
Тапсырыс — заказ
Бос нөмір — свободный номер
Бір адамға нөмір — номер на одного человека
Екі адамға нөмір — номер на на двоих
Нешінші қабатта орналасқан? — На каком этаже находится?
Қонақүй қайда орналасқан? — Где находится гостиница?
Біз қай қонақ үйге тоқтаймыз? — В какой гостинице мы остановимся?
1. Оқыңыз (читайте). Қайталаңыз (повторяйте).

Сұхбаттасу
— Сәлеметсіз бе! Бұл «Ақ Жайық» қонақүйі ме? (Здравствуйте! Это гостиница «Ак Жайык»?)
— Сәлеметсіз бе! Иә, «Ақ Жайық» қонақүйіне хабарласып тұрсыз. (Здравствуйте! Да, вы звоните в гостиницу «Ак Жайык».)
— Кешіріңіз, мен Алматыдан телефон соғып тұрмын. Мен бір бөлмеге тапсырыс берейін деп едім. (Извините, я вам звоню из Алматы. Мне хотелось бы заказать номер на одного человека.)
— Неше күнге? (На сколько дней?)
— Бес күнге. (На пять дней.)
— Аты-жөніңізді айтыңыз. Ақпарат толтыруым қажет. (Как ваше имя? Я должна заполнить анкету.)
— Аты-жөнім Алтынбек Қасенұлы Асанов. (Мое имя Алтынбек Касенулы Асанов.)
— Қашан келесіз? (Когда приедете?)
— Бесінші қазанда келемін. Нөмір бір тәулікке қанша тұрады? Нөмірде тоңазытқыш, телефон бар ма? (Я приеду пятого октября. Сколько стоит номер в сутки? Есть ли в номере холодильник, телефон?)
— Жақсы, сізді күтеміз, келіңіз. Бір тәулікке 10 000 (он мың) теңге тұрады. Барлық жағдай жасалған. (Хорошо, ждем Вас, приезжайте. Одни сутки стоят 10000 (десять тысяч) тенге. Со всеми удобствами.)
— Менің нөмірім нешінші қабатта орналасқан? (На каком этаже находится мой номер?)
— Жарайды, рахмет. Сау болыңыз! (Ладно, спасибо. До свидания!)
— Сау болыңыз! (До свидания!)

Грамматика
Шартты рай (условное наклонение)
Глагол в форме условного наклонения выражает зависимость одного действия от другого. Образуется путем прибавления к основе суффиксов –са/ -се + личные окончания.
В условном наклонении отрицательная форма образуется при помощи суффиксов –ма/ -ме, -па/ -пе, -ба/ -бе:
Сендер ойлан-ба-са+ңдар (если вы не задумаетесь).

Жазылым
1-тапсырма: Оқыңыз, түсінік айтыңыз. Аударыңыз (Читайте, пересказывайте. Переведите на русский язык)
Басың ауыр + са, дәрі іш. Ішің ауыр+са аузыңды тый. Бас киім киме+се+ң, құлағың ауырады. Көзің ауыр+са, дәрігерге қарал. Мен кел+се+м, бастық кетіп қалыпты. Уақытынан кешік+се+ң, таетрға барма.
2-тапсырма: Берілген мәтінді қазақшаға аударыңыз (Переведите текст на казахский язык)
3-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы)
— Қаламызда қандай қонақ үйлер бар? (Какие у нас в городе имеются гостиницы?)
— Соның ішінде қайсысы әдемі деп есептейсіз? (Какие из них вы считаете красивыми?)
— Олардың санаттары қандай? (К какой категории они относятся?)
— Қайда, қандай қонақ үйлерде болып көрдіңіз? (Где и в каких гостиницах вам удавалось побывать?)
— Олардың қызмет көрсетуі туралы айтыңыз? (Расскажите об их обслуживании)
Есіңе сақтаңыз! (Запомните)

«Егер тілім болса ертең құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» — «Если скажут мне, что мой родной язык умрет завтра, то я готов умереть сегодня».

Р.Гамзатов

Поделиться с друзьями

Администратор сайта

Оцените автора
( Пока оценок нет )
Прикаспийская коммуна